Ресей әскерилері Сирияда 162 жаңа қару түрін сынаған

908

Ресей әскерилері Сирияда 162  жаңа қару түрін сынаған

Ресей әскерилері Сирияда  қазіргі заманғы және жаңартылған  162 қару түрін сынақтан өткізген.  Қолданылған қару жоғары тиімділікті көрсеткен. Бұл туралы  ел президентінің қатысумен өткен ведомство алқасының қорытынды жиынында қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

"Олардың қатарында  Су-30СМ, Су-34 авиациялық кешендері, Ми-28Н және Ка-52 тікұшақтары бар. Жоғарыдәлдікті қару-жарақтар тактикалық сипаттамаларын дәлелдеді", – деп мәлім етті Ресейдің қорғаныс министрі.

Ол сондай-ақ 10 қару түрі Сирияда анықталған кемшіліктерге байланысты сатып алынбайтынын тілге тиек етті. Ол жақта анықталған кемшіліктер полигондағы сынақ барысында байқалмайды деді министр.

15 қарашада Ресей президенті қарулы күштердегі заманауи қару-жарақ пен техниканың үлесі  2016  жылдың соңына қарай  50 пайыздан асуы қажет деп мәлімдеген болатын.

Қазіргі таңда Ресейде  2011-2020 жылдарғы кезеңде қаруландырудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Оның шеңберінде  қарулы күштерді қайта жарақтандыруға 20 триллион рубльдей қаражат жұмсалмақшы. Нәтижесінде  қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерінің үлесі 70 пайызды құрауға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу