Ресей әскерін Сириядан шығарады

698

Ресей әскерін Сириядан шығарады

Ресей Сириядан әскерін алып кетеді. Бұл туралы Владимир Путин Сирияға жасаған сапарында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Хмеймим әуе базасында әскерилер алдында сөз сөйлеген Ресей басшысы осындай бұйрық берген. Оның айтуынша, екі жыл ішінде Дамаск мен Мәскеудің бірлескен іс-қимылы "Ирак және Левант" лаңкестік тобын талқандап, содырлардан азат еткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресейдің бас штабы Сирияның лаңкестерден толықтай азат етілгенін мәлімдеген еді. 

"Қазір әлем бойынша лаңкестік қаупі әлі де сақталып тұр. Дегенмен Сириядағы қарулы топтармен күрес әскерилердің көмегімен сәтті аяқталып, бірқатар аймақ содырлардан толықтай азат етілді", - дейді Ресей президенті Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу