Украина жеріндегі ұрыс қимылдары алмағайып күйде. Орыс әскері соңғы күндері Донбасстағы шабуылын үдетті. Бірталай елді мекендер мен қалаларға өңмеңдеп еніп те барады.
Ресей қаруы мен техникасы және әскерінің қарасы жағынан басым түсіп тұр. Әсіресе әуеден соққы беруге және өте ұзақтан екпінді атқылауға келгенде орыс әскерінің күші басым. Украина әскері әзірге әупіріммен төтеп беріп тұр. Ал қарсы шабуылға шығуға шамасы келер емес.
Өйткені әуе қорғанысы мен ұзақтан ататын және қанатты ракеталарға тойтарыс беретін әскери техникасы жетпейді.
Жалпы ахуалға келсек, орыс аларман, украин берермен хәлде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу