Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, жанып жатқан ғимараттан 7 адам эвакуацияланды. Тілсіз жау салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. ТЖМ хабарлауынша, өртті сөндіруге 80 адам, 20 бірлік техника, 3 тікұшақ пен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Ресей темір жолдары жолаушылар мен пойыздардың қозғалысына қауіп жоқ деп хабарлады. Мәскеу көлік департаменті өрттің жол қозғалысына әсер етпейтінін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу