Ресей астық мәмілесінен шығуы мүмкін бе?

381

Бұл туралы Путин хабарлады. 

Ресей астық мәмілесінен шығуы мүмкін бе?  Фото: region-tyumen.ru

Ресей билігі қазір астық мәмілесінен шығу мүмкіндігін қарастыруда. Өйткені ресейлік тарап Украина дрондардың көмегімен Ресей аумағына шабуыл жасау үшін көлік дәлізін қолданады деген ойда. Бұл туралы сейсенбіде әскери тілшілермен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм"-ға сілтеме жасап. 

"Біз қазір астық мәмілесінен шығуды ойластырып жатырмыз. Әсіресе, кемелер жүретін бұл дәліздерді жау үнемі дрондарды, теңіз дрондарын ұшыру үшін пайдаланып келеді", — деді Путин.

Өткен жылдың 22 шілдесінде Ресей, Түркия мее Украина БҰҰ өкілдерімен бірлесіп Қара теңіздің үш портынан украин астығын, азық-түлік пен тыңайтқыштарды экспорттау көзделген Қара теңіз астық бастамасына қол қойды. Ыстамбұлда орналасқан бірлескен Үйлестіру орталығы жүк кемелерінің қозғалысын үйлестірумен айналысады.

Астық бастамасы - пакеттік уағдаластықтың құрамдас бөлігі. Екінші бөлім – үш жылға есептелген Ресей-БҰҰ меморандумы-Ресейдің азық-түлік және тыңайтқыштар экспортына жол ашу, "Россельхозбанкті" SWIFT-ке қайта қосуды, ауылшаруашылық техникаларын, қосалқы бөлшектерді және сервистік қызмет көрсетуді қайта жеткізуді, "Тольятти-Одесса" аммиак құбырының жұмысын қалпына келтіруді және басқа да бірқатар шараларды көздейді. Мәскеуде пакеттік келісімнің дәл осы бөлігі әлі орындалмағаны айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу