Ресей астық пен қант экспортына шектеу енгізді

1209

Салдарынан елімізде қант бағасы қымбаттауы мүмкін. 

Ресей астық пен қант экспортына шектеу енгізді

Ресей астық экспортына тыйым салып, Қазақстан мен ЕАЭО-ның басқа елдеріне қант экспортына шектеу енгізді, деп жазды inbusiness.kz. 

Салдарынан елімізде қант бағасы қымбаттауы мүмкін. 2020 жылы Қазақстан Ресей Федерациясынан 172,6 млн долларға қант импорттаса, тағы 20 млн долларға астық сатып алды. 

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 195,5 мың тонна қант өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,5 есеге артық.  Алайда бұл халықтың тұтынатын қантының 43%-ы ғана.  

Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда республика бойынша қант 20% шамасында қымбаттады. 2020 жылы қант өндіретін жергілікті кәсіпорындар нарық қажеттілігінің 15%-ын ғана өтеген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу