Ресей атлеттері әлем чемпионатына өз елінің атынан қатыспауы мүмкін

1073

Жақында бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі Мәскеу зертханасының жұмысынан күмәнді құжаттар табылғанын мәлімдеді. 

Ресей атлеттері әлем чемпионатына өз елінің атынан қатыспауы мүмкін

Қатардағы әлем чемпионатына Ресей атлеттері бейтарап спортшы ретінде қатысады, деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы орыстарға өз елінің атынан қатысу құқығын қайтармады. Ресей атлеттері 2015 жылғы допинг дауынан кейін әлем чемпионатында екінші рет бейтарап тудың астында өнер көрсетеді.

Жақында бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі Мәскеу зертханасының жұмысынан күмәнді құжаттар табылғанын мәлімдеді. Егер бұл іс дәлелденсе, РУСАДА мекемесі қызметін тоқтатады. Сонымен қатар Ресей спортшылары келер жылы Токио Олимпиадасынан да шеттетілуі мүмкін.

Аталған істің мән-жайы үш аптаның ішінде белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу