Ресей аумағында АҚШ-тың танымал қосымшасы бұғатталды

185

Бұл шешімді құзырлы орган қабылдаған. 

Ресей аумағында АҚШ-тың танымал қосымшасы бұғатталды Фото: rbc.ru

"Роскомнадзор" Ресей аумағында SnapChat қосымшасын бұғаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

"Роскомнадзор жалпы қолданыстағы байланыс желісін орталықтандырылған басқару ережелеріне сәйкес, 2025 жылдың 10 қазанында бұл сервисті бұғаттау бойынша шараларды қабылдады", – делінген ресми хабарламада.

Ведомство SnapChat мессенджерінің лаңкестік шабуылдарды ұйымдастыру, оған қатысатын адамдарды тарту, сондай-ақ ресейліктерге қарсы алаяқтық және өзге де қылмыстар жасау үшін қолданылып келгенін анықтаған.

АҚШ-та жасалған SnapChat қосымшасы фото және видео тіркеу, хабарлама алмасуға арналған. Бұған дейін Роскомнадзор Apple компаниясының FaceTime видеоқоңырау қызметіне де шектеу қойған болатын. Ресей Мемлекеттік думасының мүшесі Антон Немкин бұл дұрыс шешім деп есептейді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндет екенін айтады.

Сәуір айының соңында Snapchat қолданбасының ай сайынғы белсенді пайдаланушыларының саны 900 миллионнан асты.

"Интерфакс" агенттігінің жазуынша, 13 тамызда Роскомнадзордың баспасөз қызметі Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде қоңырауларға ішінара шектеу енгізілгенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу