Қостанай облысында "Қайрақ авто" өткізу пунктінде өсіп тұрған гүлдерді заңсыз өткізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлады еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
"Ресей Федерациясының 36 жастағы азаматы "Пежо" көлігімен салмағы 4 центнер болатын өсіп тұрған гүлдерді Қазақстанға өткізбекші болған кезінде ұсталды", – делінеді ақпаратта.
Құжаттарды тексеру барысында жүктің фитосанитарлық сертификаты болмай шыққан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу