Ресей азаматы үш жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

993

Қос азаматтығы барлар әртүрлі келеңсіз жайттарда шекарадан өтіп кетуі мүмкін.

Ресей азаматы үш жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Ол ШҚО Глубокое ауданында Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тіркеуде тұрған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Көші-қон қызметінің қызметкерлері күнделікті облыс аумағында қос азаматтығы бар адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Заң бойынша, басқа елдің азаматтығын алатын адам әуелі Қазақстан азаматтығынан бас тартуы қажет. Бірінші ішкі істер органдарына хабарлап, ҚР төлқұжаты мен жеке куәлігін тапсыруы керек. Өкінішке қарай, кейбір тұрғын мұндайды ескермейді, сондықтан қос азаматтық фактілерінің өсуі байқалады", – деп жазылған облыстық полиция департаментінің ақпаратында.

Бұған керісінше, Қазақстанда тұрып Ресейден 16 жыл бойы зейнетақы алып келген азамат та дәл сол Глубокоеда анықталған. Ол 2018 жылдан бері Қазақстан заңы бойынша да зейнет жасына шығып алған. Қазір одан "алған қаражатын қайтару мәселесі қарастырылып жатыр". 

Полиция ақпары бойынша, қос азаматтықпен жүргендер карантин шектеулері кезінде екі мемлекет шекарасын кедергісіз кесіп өтуі, төтенше жағдайлар туындағанда (жаппай тәртіпсіздіктер; қылмыстық қудалау; эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы кезінде) шұғыл эмиграция жасап кетуі және зейнетақы, бала туу кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсуде жеңілдік шарттары секілді материалдық артықшылықтар алу мүмкін.

"Қазақстан азаматтарының құжаттарын пайдаланғаны үшін шетелдіктер ҚР Әкімшілік кодекстің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО аумағында тәртіп сақшылары 60-тан астам "қос азаматтығы" барларды анықтады. Көші-қон қызметі, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу