Ресей азаматын тонағандар ұсталды

458

Ресей Федерациясының 23 жастағы азаматы Ақтау қаласының 11 шағын ауданында тоналды. 

Ресей азаматын тонағандар ұсталды

Еске сала кетсек, белгісіз екеу шетелдікке күш қолдана отырып, 200 еуро сомасында қаражатын тартып алды.

Ресей азаматы риэлторды күтіп тұрғанда оған екі адам келіп тұрғын үйге көмек ұсына бастайды. Олар өздерін Астраханнан келдік деп таныстырады. Біраздан соң ер адамдар шетелдіктен сусын сұрап, қол сөмкесінен су бөтелкесі мен 200 евроны тартып алған.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі бойынша Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Қаскөйлер екі сағат ішінде табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар алынды.

Бұл Ақтауда Ресей азаматын тонаған екінші дерек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу