Ресей Әзербайжан мен Армения соғысына араласуы мүмкін

919

Таулы Қарабақ даулы жер бойынша болуы ықтималдығы жоғары соғыс өрті тұтана қалса, Ресей Армения жағына шығады. 

Ресей Әзербайжан мен Армения соғысына араласуы мүмкін

Ресей Әзербайжан мен Армения соғысына араласуы мүмкін. Бұл жайында Ресейдің әскери болжам орталығының жетекшісі Анатолий Цыганок мәлім етті, деп хабарлайды islam.kz.

Оның айтуынша, Таулы Қарабақ даулы жер бойынша болуы ықтималдығы жоғары соғыс өрті тұтана қалса, Ресей Армения жағына шығады. Тіпті, Түркиямен қақтығысқа алып келсе де. Өйткені, сарапшының айтуынша, Ресейдің Армения аумағында 102-ші әскери базасы бар. Бұл база 2044-ші жылға дейін Армения аумағында болады.

Армян билігі ел аумағында ресейліктердің әскери базасының болуын өздерінің ұлттық қауіпсіздігіне кепілдік беретін күш ретінде қарастырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу