Сіздің пікіріңізді білу біз үшін өте қызықты – Путин

982

Бұл жайында Ресей Президенті Владимир Путин Сочиде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесу барысында айтты

Сіздің пікіріңізді білу біз үшін өте қызықты – Путин

Екі елдің көшбасшыларының кездесуі "Валдай" Халықаралық пікірталас клубының XVI жылсайынғы отырысы алаңында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

В.Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа клубтың отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

"Ұзақ жылдарын дипломатиялық қызметке арнаған адам ретінде Сіздің пікіріңізді білу біз үшін өте қызықты болар еді Бұл тұрғыда Сіз өте тәжірибелі адамсыз. Халықаралық арена ісіндегі, Азиядағы қауіпсіздік және қауіпсіздік шарттарын құрудағы қазіргі жай-күйге Сіздің бағалауыңыз біз үшін барынша пайдалы әрі қызықты болады", – деді В.Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу