Ресей "Азовстальдан" әскерін шығарады

992

Комбинаттың айналасында бейбіт тұрғындар мен қызметкерлердің шығуына арналған гуманитарлық дәліз бар.

Ресей "Азовстальдан" әскерін шығарады

Ресей Қорғаныс министрлігі Мариупольдағы "Азовсталь" зауытынан бейбіт тұрғындардың шығуына мүмкіндік беру үшін өз әскерін қауіпсіз қашықтыққа орналастырады. Бұл туралы РФ қорғаныс басқармасы Ұлттық орталығының басшысы генерал-полковник Михаил Мизинцев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ресейлік бөлімшелер жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтатып, азаматтардың комбинат аумағынан шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мизинцевтің айтуынша, Украина тарапы гуманитарлық операцияны бастау үшін адамдардың шығатын бағыттарда немесе бүкіл зауыт аумағында ақ жалаулардың көтеруге тиіс.

Ескере кететін жайт, "Азовстальдің" айналасында бейбіт тұрғындар мен комбинат қызметкерлерінің шығуына арналған гуманитарлық дәліз бар. Оның орнатылғанын 36 күн болды.

Табиғат Нұрболат

Фото: prompolit.info

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу