Ресей бағалы қағаздары бұғатталған соң Қазақстанды сотқа берді

431

Даудың басы 2022 жылдың көктемінде басталған.

Ресей бағалы қағаздары бұғатталған соң Қазақстанды сотқа берді Фото: Global Look Press

Шағым 9-шы қаңтарда Мәскеу арбитражына түскен. Алайда Қазақстан арызды негізсіз деп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ресейдің талабы қандай, сот қашан болады?

Даудың басы 2022 жылдың көктемінде басталады. Сол кезде ресейлік компанияның активтері бұғатталған. Осылайша екі инвестор бағалы қағаздарына қол жеткізе алмай жақында Мәскеу арбитражына жүгінген. Соның бірі - Moscow Digital Assets Management компаниясы. Оның шағым соммасы - 74 млн рубль. Бұл инвестор бұған дейін 676 млн рубль үшін де арызданған. Екіншісі мәскеулік Intellect-Capital басқарушы компаниясы. Ол қараша айында сотқа барып, 376 млн рубльін бұлдаған. Осының бәріне олар Қазақстандағы бағалы қағаздар орталық депозитарийін кінәлап отыр.

"Осы аталған сот талқылауларына ортақ жауапкер ретінде тарту негізсіз деп санайды. Себебі орталық депозитарий шартты қатынастан шеңберінде шетелдік бағалы қағаздар мен операцияларды есепке алу және тіркеу жөніндегі делдалдардың бірінің функцияларын атқарады", - дейді Орталық депозитарий баспасөз хатшысы Ақбота Қалитова.

Қазақстан қай жерде қате кеткенін түсінбей дал. Өйткені біздің ел ресейлік бағалы қағаздарды шетелде сақтайтын арадағы делдал ғана. Бұл қызметті он шақты жылдан бері атқарып келеді. Мәселен, екі инвестордың облигациясын Бельгияның Euroclear депозитарийіне салған. Ал, олар санкцияға ұшырамау үшін былтырдан бері есепті жіті бақылауға алып, талапты күшейткен. Тіпті Еурооблигацияларды рубльге ауыстырудан бас тартқан. Сондықтан сот арызында бұл бельгиялық орталықтың да аты аталады.

"Қазақстан мен Ресей федерациясының арасында халықаралық конвенциялар бар. Және осындай пікірталастар халықаралық келісімдер бойынша қолданылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда мұндай талапты қазақстандық соттар орталық депозитарий орналасқан жері бойынша қарауы тиіс", - дейді Орталық депозитарий баспасөз хатшысы Ақбота Қалитова.

Қазақстан әлден Мәскеуге бармаймыз деп отыр. Сот процесі Алматыда өтуі тиіс деген бір тілім қағазды ресейліктерге жіберді. Бұл халықаралық келісім бойынша талап екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу