Ресей "Байқоңырдан" өз әскери ғарыш аппаратын соңғы рет ұшырады

1255

 Көрші ел әскери ұшыруларды өз жеріне, Плесецк космодромына көшіреді.

Ресей "Байқоңырдан" өз әскери ғарыш аппаратын соңғы рет ұшырады

Ресей қорғаныс министрлігі "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдалануды тәмамдайтынын жариялады, деп хабарлайды

Солтүстік алпауыт көршінің Қазақстандағы космодромнан өз әскери ғарыш аппараттарын соңғы рет ұшыруы биылғы 2019 жылы орын алмақ.  

"Биылғы жылы біз "Байқоңырдан" әскери ғарыш аппаратын тағы бір рет ұшыруды жоспарлап отырмыз. Содан кейін Ресей толығымен әрі түпкілікті түрде әскери ұшыруларды өз жеріміздегі Плесецк космодромына көшіретін болады", – деп мәлімдеді РФ әуе-ғарыш күштерінің ғарыштық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары Игорь Морозов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу