Ресей бар күшін Донбассқа шоғырландыруда

871

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс сөз болды.  

Ресей бар күшін Донбассқа шоғырландыруда

Жақын күндері Ресей мен Украина арасында шешуші шайқас болады деп күтілуде.

Ресей бар күшін Донбассқа шоғырландырып жатыр. Ресей өзінің әскері мен техникасын толықтырып, қуатын арттырып болған соң Украинаға жойқын соққы беруді көздеп отыр. Сөйтіп 9 мамырға қарсы қалай да Киевті алудан дәмелі.

Шешуші шайқасқа Украина әскері де дайын сияқты. Еуропа елдері қару-жарақтан көмегін тоқтатқан жоқ. Әрі Украина әскері ызаға булықты.

Себебі Ресей әскерінің қоластында уақытша болған елдімекендер мен қалалардағы ауыр жағдай дүниежүзінің зығырданын қайнатты. Ресей әскерлері қаланы тастап шегінер алдында бейбіт тұрғындарды қатыгездікпен өлтірген.

Ал Ресейдің Қорғаныс министрлігі әскерилердің мұндай қылмысын мойындап отырған жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу