Ресей Башар Асадты Сирияға экстрадициялағысы келмейді

Бұл туралы Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа The New York Times басылымына берген сұхбатында айтқан.   

Ресей Башар Асадты Сирияға экстрадициялағысы келмейді Фото: РИА Новости

Осылайша, Ресей Дамаскідегі жаңа үкіметтің Ресейге қашып кеткен Башар Асадты экстрадициялау туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл өтініш Ресей билігіне қаңтар айында жіберілген. Мұны Сирияның уақытша президенті және "Хайят Тахрир аш-Шам" (HTS) жиһадшылар тобының жетекшісі Ахмед аш-Шараа мәлімдеп отыр.

Сирияның жаңа әкімшілігі бас тартуға қарамай Ресеймен қарым-қатынасты үзбек емес. "Сирия билігі Кремльмен келіссөздерге ашық" деп жазды NYT. 

"Ресей – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі. Сирияның қаруы – толығымен ресейлік. Сирия ұзақ жылдар бойы сүйенген азық-түлік пен энергиямен қамтамасыз ету бойынша көптеген келісім бар.

Әзірге біз басқа елдерден негізінен Ресейде шығарылатын сириялық қаруды ауыстыру туралы ешқандай ұсыныс алған жоқпыз", – деп мәлімдеді аш-Шараа. 

"Сириядағы жойқын азаматтық соғыс уақытында Мәскеу Асад режимін қолдау мақсатында елге ұшақтар, кемелер, әскер мен әскери кеңесшілер жіберді" деп еске сала кетті NYT басылымы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу