Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада 15000-нан астам адам жоғалып кеткен

536

ICMP - Гаагада орналасқан 1990 жылдардағы Балқан соғыстарынан кейін құрылған ұйым. Шілде айында ICMP Украинаға жоғалған адамдарды анықтауға көмектесу үшін Киевте кеңсе ашты. 

Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинада 15000-нан астам адам жоғалып кеткен Фото: api.theins.info

Украинадағы соғыс кезінде 15000-нан астам адам хабар-ошарсыз кетті, деді Халықаралық хабар-ошарсыз кеткендер жөніндегі комиссияның (ICMP) ресми өкілі, деп жазады inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ICMP-тің Еуропадағы бағдарламалық директоры Мэттью Холлидэй қанша адам күштеп қоныс аударылғаны, Ресей қамауына ұсталғандар, тірі қалғандар мен қайтыс болғандардың нақты саны белгісіз екенін айтты.

Оның айтуынша, 15 мың жоғалған адам - тек болжам ғана, себебі бір Мариупольдың өзінде ресми мәліметтер бойынша, 25 мыңға дейін адам қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті.

"Айтылған сандар адам шошырлық, күнделікті зұлымдықпен бетпе-бет келетін Украина жағдайы ауыр. Қазір ең бастысы-мүмкіндігінше көп адамды анықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдау", - деп атап өтті Холлидэй.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу