Әлеуметтік желіде өз шешімімен бөліскен Шамиль Аляутдинов оған қарсы наразылық салдарынан әріптестерін қиын жағдайға қалдырғысы келмейтінін айтады, деп хабаралайды Inbusiness.kz.
"Құрметті қазақстандықтар! 4 желтоқсанда Астанада өтетін тренингке мен бармаймын. Ұйымдастырушылар мен спикерлерге проблема тауы, қосымша наразылық туғызып бергім келмейді. Ал осыны ұйымдастырып, маған қарсы ақпаратты бірінші таратқандар, өтірік пен айыптауды ұйымдастырушыларға айтарым - сіздерге құдай сот! Қазіргі заманда сөз таластырып, кінәліні іздеп уақыт кетірудің қажеті жоқ. Тек қана алға қарай өз мақсаттарымызға баса береміз", - дейді Аляутдинов.
О баста дінтанушы Шамиль Аляутдинов белгілі қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай, блогер Бейбіт Әлібековпен бірге ірі форумға қатысуы керек болғанын еске саламыз. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың Украинадағы соғысты қолдап сөйлеген сөзін бөлісіп, форумға оның қатысуына жол бермеу керек деп пікір білдіре бастады.