Ресей басшысы 1922 жылға оралғысы келеді

931

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Путиннің мақаласы сөз болды.  

 Ресей басшысы 1922 жылға оралғысы келеді

Пандемия тұқыртып, бағаның шарықтауы қысып, сыртқы қауіп-қатер алаңдатып отырған қазіргідей күрделі сәтте Ресей президенті Владимир Путиннің Украина жайлы көлдей мақала жазғаны қызық болды. Қалай уақыт тапқан десеңізші. Путиннің "Орыстар мен украиндардың тарихи бірлігі туралы"  деген мақаласы Кремльдің сайтында орыс және украин тілдерінде жарияланды. Мақаланың өнбойынан орыстың жер-суын кезінде большевиктер  талан-тараж етті, посткеңестік елдер территорияларымызды қолтықтарына қыса кетті деген сарындағы қасаң ойлардың тағы да бой көтергенін байқаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу