Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгін таңертең Астанаға ұшып келген кезде, аспанда жұлдыздар шоғырындағы жарты ай көрінді. Бұл – сирек кездесетін құбылыс. Мен әуежайда кездесуге келгендердің назарын осы жайтқа аудардым. Бұл жақсы белгі деп ойлаймын. Сіз Қазақстанға ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында келіп отырсыз", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Ресей Президенті сапарының саяси әрі тарихи мәні зор.
"Қазақстан мен Ресейдің одақтас елдер екені белгілі. Екі ел – стратегиялық серіктестер. Бізді тығыз достық, ортақ тарих және рухани байланыс байланыстырады", - деп атап өтті ол.
Айта кету керек, осыған дейін Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 28,2 млрд долларға жеткенін жазған болатынбыз.