"3 сәуірден бастап экипаждарды оқытуды бастаймыз. Ал 1 шілдеде аумақта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын арнайы қойманың құрылысын аяқтаймыз, - деді ол "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
Онда стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарт (ДСНВ, СНВ-III) бойынша міндеттемелерді бұзбай, тактикалық ядролық қару орналастырылатыны атап өтілді.
Мұндай қадамға Ұлыбританияның Украинаға таусылған ураны бар оқ-дәрілерді жеткізу туралы мәлімдемесі себеп болған.
Сондай-ақ ол Беларусь Ресейдің ядролық қаруын өз аумағына орналастыруды бұрыннан сұрап жүргенін атап өтті.