Ресей Беларусьтегі жағдайды саясиландыруға қарсы

895

Ресей Райэнэйр ұшағын Минскте тоқтатқан Беларусь билігінің әрекетін саясиландыруға қарсы, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ресей Беларусьтегі жағдайды саясиландыруға қарсы

Федерацияның Премьер-министрі Михаил Мишустин осындай мәлімдеме жасады. Кремль аталған мәселеге қатысты халықаралық деңгейде ашық тергеу жүргізуді құптайды. Естеріңізге салайын, 5 күн бұрын Беларусь ұшақта жарылғыш  зат бар деген жалған хабарды желеу етіп, Афинадан Вильнюске бет алған ұшақты Минскте қондырған. Ондағы мақсат –билікті сынағаны үшін қудаланған журналисті қамауға алу болатын. Осы әрекетті Батыс елдері мемлекеттік терроризм деп айыптады. Еуропалық одақ Беларусь әуе компанияларының Еуропа арқылы ұшуына тыйым салды.  Минскке  көмек ретінде берілуі тиіс 3 млрд еуроны бұғаттап тастады. Бизнес, экономика және авиация секторы бойынша шектеу жасайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу