Ресей Беларусьты құрамына қосып алуды көздеп отырған жоқ – Лукашенко

771

Ол Минск пен Мәскеудің күш-қуаты мол бірлік жүйесін құра алатынын атап өтті.

Ресей Беларусьты құрамына қосып алуды көздеп отырған жоқ – Лукашенко Фото: tass.ru

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Беларусьты өз құрамына қосуды көздеп отырған жоқ деген пікірде. Бұл туралы ол 26 мамырда парламент өкілдерімен, конституциялық комиссия мүшелерімен және мемлекеттік басқару органдарының өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Лукашенко Минск пен Мәскеудің күш-қуаты мол бірлік жүйесін құра алатынын атап өтті.

"Егемен, тәуелсіз мемлекеттер ретінде Беларусь пен Ресей қарым-қатынас пен бірліктің қуатты жүйесін құра алады. Бұл тіпті Ресейдің өзіндегі бірлік жүйесінен гөрі мықтырақ болады. Біз осы жолды таңдадық. Біз Ресей үшін қаншалықты құнды болсақ, Ресей біз үшін соншалықты құнды", – деді Лукашенко. 

"Бүгінгі таңда қандай да бір жерді алып, оны қандай да бір мемлекеттің құрамына енгізу керек деп ойлау – ақымақтық.Бізді Ресей солай істейді деп қорқытатындар бар. Ресейге мұндай "бас ауруы" қажет емес. Егер Ресей Беларусьты өз құрамына қосуды мақсат етсе, бұл батыс елдері үшін сыйлық іспеттес болар еді. Бірақ заман өзгерді, бүгіннің күннің тәсілдері басқа", – деп басып айтты Беларусь басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу