Ресей Беларусьтың егемендігін сыйлауы керек – АҚШ

947

Вашингтон халықтың үндеуін тыңдауға шақырып отыр. 

Ресей Беларусьтың егемендігін сыйлауы керек – АҚШ

Құрама Штаттар Беларусь еліндегі жағдайды бақылап отыр, Мәскеу Минсктің егемендігін сыйлауға тиіс. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кейли Макинани осындай мәлімдеме жасады.

"Біз Беларусьтағы жағдайды бақылап отырмыз. Адам құқығының тапталуы мен сайлаудағы заң бұзушылықтарды бағалау жөніндегі халықаралық ауызбіршілікті қолдаймыз. Қарулы күштердің ереуілге шыққан бейбіт тұрғындарды күштеп таратуы мынаны аңғартады: демократияны аңсаған халықтың үндеуіне билік мән беруі тиіс", – деді ол.

"Ресей Беларусьтың егемендігі мен ондағы халықтың өз басшысын әділ жолмен сайлау құқығын сыйлауы керек", – деп басып айтты Макинани.

9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Бас көтерулер әлі басылған жоқ. Еске сала кетсек, саяси тартыста қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. 

Сайлаудан кейінгі ереуілдерде бастапқыда құқық қорғаушылар наразы топты тарқату үшін көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған. 6,7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын, 130 құқық қорғаушы жарақат алып, 3 адам қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу