Ресей бензин экспортына салынған тыйымды тағы ұзартты

393

Ресей үкіметінің мәліметінше, бұл шешім елдің ішкі жанармай нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданған.  

Ресей бензин экспортына салынған тыйымды тағы ұзартты Фото: avtovzglyad.ru

Ресей үкіметі бензин экспортына қойылған тыйымды 2027 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар дизель отынын, кеме отынын және газойл экспорттауға қатысты шектеулер 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін күшінде болады.

"Рейтерстің" хабарлауынша, Ресейде бензин өндірісі қатарынан үшінші ай сұраныс деңгейінен төмен қалып отыр. Шілде айында бұл айырмашылық 700–800 мың тоннаға жеткен.

Ресей – әлемдегі ірі мұнай экспорттаушы елдердің бірі. Бірақ қазір сол елдің өзінде жанармай тапшылығы күшейіп, ондаған өңірде бензинге шектеу енгізілді. Бекеттерде ұзын-сонар кезек, баға өсіп жатыр.

Бұған негізгі себептердің бірі ретінде Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған дрон соққылары аталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу