Ресей бензин экспортына тыйым салуы мүмкін

Бұл сценарий "ЛУКОЙЛ" мұнай өңдеу зауыты қондырғыларының бірінің жөндеу жұмыстарына байланысты болуы ықтимал. 

Ресей бензин экспортына тыйым салуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

15 қаңтар күні Ресей Федерациясы Энергетика министрлігі хабарлағандай, "ЛУКОЙЛ-Нижегороднефтеоргсинтез" (НОРСИ) мұнайды өңдеуге арналған каталитикалық крекинг қондырғыларының бірін жоспардан тыс жөндеуге байланысты автокөлік бензині өндірісінің төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, мұнай компанияларының қатысуымен кәсіпорынды жөндеу кезеңінде ішкі нарықты үздіксіз отынмен қамтамасыз етуді жалғастыру шаралары әзірленді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Штаб мүшелері ішкі нарықтың қажеттіліктері экспорттық жеткізілімдерді азайту және нарықтың басқа қатысушыларының қолда бар ресурстарын қайта бағдарлау арқылы қанағаттандырылатынын атап өтті", - деді министрлік.

Интерфакс дереккөздерінің хабарлауынша, ЛУКОЙЛ компаниясы Ресей Энергетика министрлігінен компанияның мұнай өнімдерін өндіру кестесін, сондай-ақ, биржалық сату көлемін түзетуді сұраған.

"ЛУКОЙЛ басқа мұнай компанияларына қаңтар және ақпан айларында 200 мың тоннаға дейін АИ-95 жеткізуге көмек сұрады. Сонымен бірге, ЛУКОЙЛ-дың өзі ішкі нарыққа көлемді бағыттау үшін бензин экспортын тоқтатып қойған", - деп түсіндірді дереккөздер.

Бұдан бөлек, агенттік тілшілері бензин экспортына уақытша тыйым салу нұсқасы тағы да талқыланып жатқанын растады. Дереккөздердің хабарлауынша, Ресей Энергетика министрлігі бұл мүмкіндіктің сақталып отырғанын және қажет болған жағдайда қолдануға болатынын атап өтті. Дереккөздердің бірі қазірдің өзінде бензин экспортына тыйым салатын нормативтік акт дайындалып жатқанын алға тартады. Ал тағы бір дереккөз ішкі нарықта бензин тапшылығын болдырмау құралдары әлі де талқыланып жатқанын түсіндіреді.

Айта кетейік, қаңтар айының басында NORSI апаты туралы қауесеттердің аясында бензиннің биржалық бағасы қалыпты өсімге дейін жетті. Ал "ЛУКОЙЛ" зауыты қондырғылардың бірінің тоқтағанын тек 12 қаңтарда ғана растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу