Ресей билігі Байқоңырдан испан жер серігін ұшыруға рұқсат берді деп хабарлайды abctv.kz
Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Байқоңырдан телекоммуникациялық испан ғарыштық аппаратын ұшыруға қаулыға қол қойды. Бұл туралы ақпарат РФ министрлер кабинеті сайтында жазылған.
Америкалық Space Systems Loral фирмасы құрастырған бұл жер серігін нақты қашан ұшыратындығы туралы ақпарат берілмеген. Алайда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитетінің ақпаратынша, "Протон-М" тасымалдаушы зымыранын ұшыру 2017 жылдың 9 маусымына жоспарланған. Осы күні қанша рет кейінге шегерілген америкалық EchoStar-21 жер серігін жіберуі де мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу