Ресейдің Бурятия республикасы алғаш болып локдаун енгізді, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. Шектеу 27 маусымнан 11 шілдеге дейін созылады.
Ресми дерек бойынша, осы екі апта ішінде аймақтағы барлық кәсіпорындардың қызметіне тыйым салынады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар, БАҚ-тың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар қоғамдық көліктер де жұмысын жалғастыра бермек.
Жедел штаб өкілдерінің айтуынша, шектеу аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін енгізіліп отыр. Өйткені соңғы бес аптада індеттің таралу қарқыны күшейіп кеткен.
Өткен тәулікте республикада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 255 фактісі тіркелді, 87 адам сауығып, 22 адам қайтыс болды.
Бұған дейін Кремль федералды деңгейде локдаун енгізілмейтінін жариялады. Бұл мәлімдемені Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жасаған еді.
Табиғат Нұрболат