Ресей бітімгерлерін Таулы Қарабақтан шығару 12 маусымда аяқталды. Бұл туралы Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ресей Федерациясының бітімгершілік контингентінің жеке құрамы, қару-жарағы мен техникасы біздің аумағымыздан толығымен шығарылды", - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Ресей бітімгерлері Таулы Қарабақ аумағына 2020 жылдың күзінде Ресей, Армения және Әзербайжанның үшжақты келісімі аясында кірді.
Бұған дейін Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің бітімгершілік контингентін шығару "қазіргі жағдайда дұрыс шешім" деп атап өткен болатын, деп хабарлайды RT.