Ресей биыл екі есе көп виза берген

415

Ресей Федерациясының консулдық мекемелері 2023 жылдың сегіз айында 600 мыңнан астам кіру визасын рәсімдеді, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. 

Ресей биыл екі есе көп виза берген Фото: rus.uudis.net

Бұл туралы Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Шығыс экономикалық форумында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Осы жылдың алғашқы сегіз айында Ресей Федерациясының консулдық мекемелері 600 мыңнан астам кіру визасын рәсімдеді. Алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе артық көрсеткіш", — деді дипломат.

Оның деректері бойынша, сервис іске қосылған сәттен бастап берілген электрондық визалардың үлесі 23%-ды құрады. Захарова атап өткендей, құжаттың бұл жаңа түрінің танымалдығы күннен-күнге арта бермек.

2023 жылғы 1 тамыздан бастап шетелдік азаматтар Ресейге бірыңғай электрондық виза ресімдей алады — оны 55 мемлекеттің, оның ішінде еуропалықтардың азаматтары ала алады. Виза Ресейге қонақ немесе іскерлік сапармен, турист ретінде, сондай-ақ түрлі іс-шараларға қатысу үшін бір рет келуге құқық береді, деп хабарлады Ресей СІМ. 

Электрондық виза бір реттік, оның қолданылу мерзімі ресімделген күннен бастап 60 күнді құрайды, Ресейде болу мерзімі 16 күннен аспайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу