Мәскеу БҰҰ Халықаралық сотында Ресейдің малайзиялық Boeing-777 ұшағының құлауына қатысы бар деген ИКАО Кеңесінің шешімімен келіспеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Ресей 18 қыркүйекте Чикаго конвенциясының 84-бабына сәйкес, БҰҰ Халықаралық сотына жүгінген. Олар MH17 рейсінің апатына Ресейдің қатысы бар деген нұсқаны қамтыған Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Кеңесінің шешімімен келіспеді.
Мәскеудің юрисдикция негіздері, қолданыстағы құқық, фактілер және процедуралық өрескел бұзушылықтар тұрғысынан аталған шешімге шағымданып отырғаны белгілі болды.
"БҰҰ Халықаралық соты бұл резонансты іс бойынша барынша бейтарап ұстанымда болады деп сенеміз", – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кету керек, 2014 жылғы 7 шілдеде Malaysia Airlines әуе компаниясының "Амстердам – Куала-Лумпур" бағытындағы Boeing-777 ұшағы Донбасс әуе кеңістігінде атып түсірілген болатын. Бортта болған 298 адамның бәрі қаза тапты.