Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін мойындайды

3310

Ол Әлиевпен кездесер алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті.  

Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін мойындайды

РФ Президенті Владимир Путин Ресей бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін мойындайтынын мәлім етті. Ол Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында осылай деді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ресейді 1913 жылғы империя шекарасын қалпына келтіруді көздеп отырған жоқ. Бұрынғы кеңестік республикалардың егемендігін мойындаймыз. Украинаға қатысты жағдай мүлдем бөлек, өйткені бұл елге сыртқы күштер ықпал етіп отыр", – деді Путин.

Ол Әлиевпен кездесер алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін мәлім етті.

"Мен бүгін ғана сіздің сапарыңыздың алдында Қазақстан президентімен сөйлестім. Бұл Ресейдің өз көршілерінің егемендігін мойындайтынын әрі оны нығайтуға атсалысып жатқанын білдіреді. Қазақстанда болған жайт біздің саясатымыз осындай екенін растайды. Біз қазақстандық басшылықтың өтініші бойынша оны ҰҚШҰ шеңберінде қолдаған едік... ", – деді Путин.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу