Ресей цифрлық рубльді тестілеудің екінші кезеңін күзде бастайды

889

Қазір бірнеше банк сынақтың бірінші кезеңінен өтуде.

Ресей цифрлық рубльді тестілеудің екінші кезеңін күзде бастайды

Ресейдің Орталық банкі цифрдық рубльді тестілеудің екінші кезеңі 2022 жылдың күзінде басталатынын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.  

Ресей Банкі төрағасының бірінші орынбасары Ольга Скоробогатованың айтуынша, ол уақытта тауарлар мен қызметтер төлемі мен мемлекеттік төлемдерді жүргізу процесі басталады. 

Тестілеудің бірінші кезеңі ақпан айында басталған болатын. Оған үш ресейлік банк қатысты. Олардың екеуі мобильді қосымшалар арқылы клиенттер арасында цифрлық рубль аудару операцияларын толықтай жүргізді. Жалпы мұндай сынаққа 12 банк қатысады.

Оның нәтижесі бойынша, Орталық банк цифрлық рубльді енгізуге қатысты жол картасын дайындайды. Виртуалды валюта толықтай 2030 жылға қарай іске қосылады деп жоспарланып отыр. 

Орталық банк алғаш рет цифрлық рубль тұжырымдамасын 2020 жылдың қазан айында таныстырған еді. Жергілікті биліктің бастапқы жоспары бойынша, ол әзірге рубльдің қосымша түрі ретінде енгізіледі. Оны жаппай енгізу қарастырылып отырған жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: Shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу