Ресей дефолттан құтылды

853

Ресей соңғы сәтте тарихи дефолттан құтылды. Өйткені 2 облигацияға арналған төлем, инвесторлардың қолына жеткен, деп хабарлайды Atameken Business. 

Ресей дефолттан құтылды

Теріскейдегі көршінің еуро облигацияларға қатысты 65 млн доллар көлемінде төлем жасайтын уақыты аяқталды. Мәселе 2042-ші жылға дейін доллармен төленуге  тиіс облигацияларға қатысты. Егер оны бүгінге дейін аударып үлгермегенде, дефолт болар еді. Енді 27-ші мамырға дейін 2026-2036 жылдар аралығына арналған құнды қағаздар үшін төлем аударылуы тиіс. Жеңілдік берілген мерзім аяқталды. Оның үстіне, санкцияларды күшейткен АҚШ пен ЕуроОдақ, Ресейдің облигациялары үшін доллармен төлем жасау мүмкіндігін шектейтіні анық.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу