Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жағын қарастырып жатыр

1683

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтті. 

Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жағын қарастырып жатыр Фото: видеодан алынған кадр

Енді Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуді қарастыруда.

Бұл туралы ТАСС-та өткен баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері комитетінің вице-президенті Игорь Павлюк айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ресей командасы жалпы медальдар саны бойынша үшінші орынға ие болып, елдің туы астында жарыста өнер көрсетті. Ойындар екі жылда бір рет өтеді, келесі ойындарды Қырғызстан қабылдайды.

"Бізде ойлануға уақыт бар. Ойындарды өткізу құқығына ие болмас бұрын, нормативтік бірқатар мәселелерді шешу қажет. Бірақ біз дайынбыз, біздің еліміз бүкіл әлемге егер іс-шара Ресейде өтіп жатса, онда жастар айтқандай, бұл әрқашан овертоп екенін үйретті", – деді Игорь Павлюк.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген ұлттық әрі этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстар.

2014, 2016 және 2018 жылдары Дүниежүзілік ойындар Қырғызстанда, 2022 жылы Түркияда өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу