Ресей ЕЭК-ке сиыр етіне импорттық баж салығын салуды ұсынды

975

Бұл туралы ЕЭК хабарлады. 

Ресей ЕЭК-ке сиыр етіне импорттық баж салығын салуды ұсынды

Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ірі қара мал етінің кейбір түрлеріне кедендік баж салығын 27,5% мөлшерінде енгізуді ұсынды. 

Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымының өздеріне арналған тарифтік міндеттемелеріне сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сиыр етіне тарифтік квотаны алып тастау үшін ЕАЭО елдерінде жаңа сойылған ет, салқындатылған және мұздатылған мал етіне қатысты кедендік баж салығын енгізуді ұсынады.

"Ресей Федерациясының мәліметтері бойынша, ұсынылып отырған шара Еуразиялық экономикалық одақ аумағында етті, мал шаруашылығын дамытуға, осы агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндігін арттыруға, Одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпорындары шығаратын ірі қара мал етіне сұранысты арттыруға бағытталған", - деді ЕЭК.

Сондай-ақ, ұсыныстың авторлары импорттық баж Одақ елдерінде ірі қара мал еті өндірісінің өсуіне және осы өнімді импортпен алмастыруға ықпал етеді деп болжайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу