Ресей ЭКСПО-дағы павильонын безендіруге қаңтарда кіріседі

1052

Ресей ЭКСПО-дағы павильонын безендіруге қаңтарда кіріседі

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 Ресей секциясының Комиссары, РФ Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламановпен кездесті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов ресейлік тарапты көрмеге дайындық және халықаралық қатысушыларды шақыру жұмыстарымен таныстырды. "Қазіргі уақытта Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы бойынша барлық мәселе шешілді – қатысу тұжырымдамасы әзірленді, бюджет құрылды, павильонды толтыру үшін сараптамалық кеңес ашылды және өзге де ұйымдастыру мәселелері шешілді. Ресейлік компаниялар бұл процеске қосылуға дайын. Көрме тақырыбы біз үшін өте маңызды және бұл шараға барынша көбірек көңіл бөлеміз", – деді Ресей ұлттық секциясының Комиссары. Кездесу соңында Ресейге аумағы 1008,6 шаршы метр болатын павильонды беру бойынша құжаттарға қол қойылды.  Ресейлік делегацияның  мәлімдеуінше, келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында РФ павильон экспозициясын безендіруді бастайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу