Былтыр елімізге 158,8 млн доллардың 424,4 мың тонна дизель отыны импортталды, деп хабарлайды LS.
2015 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (75,5 млн долларға 165,1 мың тонна дизель) жеткізу көлемі жағынан 2,6 есе, ақшалай есептегенде 2,1 есе өскен.
Оның басым бөлігі Ресейге тиесілі. Солтүстіктегі көршіден 144,4 млн долларға 387,1 мың тонна отын сатып алынған.
Ал Қырғызстаннан 13,9 млн долларға 36,9 мың тонна газойл сатып алынды.
Сонымен қатар 0,4 мың (401,2 мың долларға) тонна дизель отынын Қазақстанға Франция жеткізген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу