Ресей елшісі Медведевтің Қазақстанға іссапарының жемісті боларына сенімді

877

Министр Жеңіс Қасымбек Ресей Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті.

Ресей елшісі Медведевтің Қазақстанға іссапарының жемісті боларына сенімді

ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, сонымен қатар Қазақстан және Ресей арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттерінің перспективаларын талқылады.

Өз сөзінде Алексей Бородавкин Ақтау қаласында өткен саммитте қол қойылған құжаттың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, 2018 жылдың қыркүйек айында Қазан қаласында өтетін Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы және Ресей Федерациясының премьер-министрі Д. Медведевтің Қазақстанға ресми іссапары шеңберінде маңызды құжаттарға қол қойылатынына сенімін білдірді.

ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек министрлік құзыретіндегі барлық салалар бойынша Ресеймен екі жақты ынтымақтастықты ары қарай тереңдетуге дайын екендігін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу