Ресей елшісі Тәжікстан СІМ-не шақырылды

472

Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевті Ресейде тәжік азаматтарын тұтқындау әрекеттерінің жиілеп кетуіне байланысты Тәжікстан СІМ-ге шақырылды.  

Ресей елшісі Тәжікстан СІМ-не шақырылды Фото: islamnews.ru

Бұл туралы "Ферғана" ақпарат агенттігі РТ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, тәжік тараптары Тәжікстан азаматтарының Ресей Федерациясының аумағында әртүрлі сылтаулармен ұсталып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

"Екі ел срасында туындаған көші-қон проблемаларына бірлесіп ден қою қажеттілігі, сондай-ақ бірлескен шараларды әзірлеу кезінде жүйелі шешімдер қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді", - деп хабарлады СІМ.

Бұған дейін Тәжікстандық БАҚ Ресейдің түкпір-түкпірінен тәжік мигранттарының тұрғылықты жері мен жұмысына қауіпсіздік күштері рейд жүргізіп, біраз адамды тұтқындағананын көрсететін бейнероликтер мен шағымдар жайлы хабарлады.

Сонымен қатар, Ресейдің СІМ-дегі елшісімен кездесуде 19 мамыр күні таңертең Хабаровск өлкесіндегі Комсомольский-на-Амур мемлекеттік университетінің (КнАГУ) №3 жатақханасында болған оқиға егжей-тегжейлі талқыланды. Сол күні СІМ-нің мәліметінше,"Ресейдің құқық қорғау органдары осы ЖОО-да оқитын жүзден астам тәжік студенттерінен жауап алып, қатыгездікке барған".

Ведомство "мұндай оқиғалар тәжік-ресей стратегиялық әріптестігі мен одақтастық рухына қайшы, тараптардың білім беру саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жөніндегі күш-жігеріне нұқсан келтіруі мүмкін" деп атап өтті.

23 мамырда Тәжікстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Умед Бобозода ресейлік омбудсмен Татьяна Москальковаға КнАГУ-дағы оқиғаның мән-жайын анықтау және оның объективті тергеуіне ықпал ету туралы өтініш жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу