Ресей елшісін өлтірген қылмыскер Түркияда атаусыз адамдар зиратына жерленеді

768

Ресей елшісін өлтірген қылмыскер Түркияда атаусыз адамдар зиратына жерленеді

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген Мерт Алтынташ Анкарадағы атаусыз адамдар зиратына жерленеді, деп хабарлады бейсенбі күні "Анадолы" агенттігі
Түрік заңы бойынша Мерт Алтынташтың туыстары мәйітті 15 күн ішінде алып кетуге тиіс болған, алайда ешкім келмеген.
Агенттіктің ақпараты бойынша,  жерлеу құжаттары дайын болысымен лаңкестің мәйіті жерлеу үшін Чанкай ауданының әкімшілігі өкілдеріне тапсырылады.
Айта кетейік Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл 19 желтоқсанда сурет көрмесінің ашылуы кезінде жасалды. Ресей елшісіне оқ атқан 22 жастағы полиция қызметкері М.Алтынташ  болып шықты, кейін түрік арнайы қызметі оның көзін жойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу