Ресей енді Орталық Азияға көбірек газ жеткізбек

479

"Газпром" Еуропада жоғалтқан нарықтың бір бөлігін Орталық Азия арқылы алмастыруды көздеп отыр.   

Ресей енді Орталық Азияға көбірек газ жеткізбек Фото: eurasiatoday.ru

Құбырлар мен баға мәселесі шешілсе Ресей Қазақстан мен Орталық Азияға газ жеткізу көлемін алдағы бес жылда 2,1-2,2 есеге арттырады, деп жазады inbusiness.kz сайты "Нефть и газ Казахстана" телеграм-арнасына сілтеме жасап.

2030 жылға қарай Ресейден Орталық Азия елдеріне жеткізілетін табиғи газ көлемі жылына 19-20 млрд текше метрге дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 10-11 млрд текше метрге көп. Бұл туралы "Газпромбанк" экономикалық болжау орталығының баяндамасында жазылған.

Күтілетін өсім көлемі:

  • Қазақстанға – 2–2,3 есе: жылына 3-тен 6-7 млрд текше метрге дейін;
  • Өзбекстанға – 2,1 есе: 5,6-дан 12 млрд текше метрге дейін;
  • Қырғызстанға – 2 есе: 0,5-тен 1 млрд текше метрге дейін.

Екінші мәселе – газдың ішкі бағасы. Қазақстанда газ ұзақ уақыт бойы әлеуметтік тауар ретінде қалып, өндіріс пен тасымалдау құнынан арзан болды.

Бұл жағдай өзгереді: 2025 жылдың шілдесінен бастап министрлік үш жыл бойы газдың көтерме бағасының шекті деңгейін жыл сайын 33%-ға көтеруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу