Ресей ЕО-мен арадағы қарым-қатынасты үзуге дайын – Лавров

1029

Осы аптада Брюссель Мәскеуге қарсы тағы да санкция салатынын айтқан еді.

Ресей ЕО-мен арадағы қарым-қатынасты үзуге дайын – Лавров

РФ-ның Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің ЕО-мен арадағы қарым-қатынасты үзуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

"Егер де біздің экономикаға залалын тигізетін тағы санкциялар енгізілетін болса... Біз бүкіл әлемнен оқшауланғымыз келмейді, бірақ бұған дайын болу керек. Бейбітшілікті қаласаң, соғысқа да дайын болу қажет", – деді ведомство басшысы. 

Ескере кететін жайт, осы аптада Брюссель Мәскеуге қарсы тағы да санкция салатынын айтқан еді. Еуропа дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Мәскеуден оралған соң, ЕО тарабы осындай мәлімдеме жасады. Боррельдің сөзінше, Ресей "үмітті ақтамаған" және "заманауи демократия орната алмаған". Ресей мен Еуроодақ арасындағы шиеленістің өршуіне Украина мен Беларусьтағы жағдайдан бөлек, оппозиционер Алексей Навальныйдың сотталуы мен оны қолдап ереуілге шыққандардың қамауға алынуы себеп болып отыр. 

Табиғат Нұрболат

Фото: themoscowtimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу