Ресей қарулы күштері мен инженерлері ұшу қашықтықтығы рекордтық деңгейдегі "жер-ауа" класына жататын зымыранды сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды islam.kz.
Аталған ақпарат көзінің келтірген дерегі бойынша ресейліктердің бұл зымыранды сынақтан өткізгенін америкалық барлау қызметі байқаған.
АҚШ-тың әскери сарапшылары мен мамандарының айтуынша, бұл жолғысы бұрынғыларға қарағанда 80 шақырымды артық бағындырған.
CNBC телеарнасының таратқан хабарда, С-500 жүйесі 481 шақырым қашықтағы нысананы тас-талқан еткен.
Ал ресейліктердің сөзінше, бұл жүйе ұшқышсыз ұшатын аппараттар, ұшақтар, соның ішінде, F-22 және F-35 секілді жойғыш ұшақтар түгілі, дыбыстан да жылдам зымырандарды атып түсіре алады. Ол ол ма, жер бетінен 100 шақырым биіктен де ұшып бара жатқан обьектіні жоя алады екен.