Ресей Еуропа елдерінің дипломаттарын еліне қайтара бастады

856

Ресей Еуропа елдерінің дипломаттарын еліне қайтара бастады

Ресми Мәскеу бұған дейін ресейлік дипломаттарды елінен шығарған мемлекеттерге жауап қайтара бастады. Осы мақсатта бірқатар Еуропа елінің дипломаттарын Ресей жерінен шығару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл қадам Германия, Испания, Польша, Чехия, Швеция, Норвегия, Ирландия, Нидерланд, Литва, Латвия, Эстония, Финляндия және Хорватия елдеріне қатысты. Осы елдердің Ресейдегі дипломаттары азаяды. Белгіленген ешілік өкілдері сәуірдің бесіне дейін Ресей аумағынан шығып кетуі керек.

Айта кетейік, аталған мемлекеттер бұған дейін ресейлік дипломаттарды еліне қайтарған болатын. Жалпы бұл шиеленіс Ресейдің бұрынғы тыңшысы Сергей Скрипаль мен қызының Солсбери қаласында уланып, ес-түссіз табылуынан кейін ушықты. Батыс мемлекеттері бұл іске Мәскеуді айптап отыр. Дегенмен Ресей айыпты негізсіз деп тағылған кінәні жоққа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу