Ресей Еуропа Кеңесіндегі мүшелігін тоқтатты

1397

Енді ресейліктер адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа жүгіне алмайды.

Ресей Еуропа Кеңесіндегі мүшелігін тоқтатты

Ресей Еуропа Кеңесіндегі мүшелігін тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның хабарламасына сілтеме жасап. Елдің Сыртқы істер министрлігінің айтуынша, ұйымнан ажырау оның құлдырауына әкеліп соқпақ. 

"ЕО және НАТО мемлекеттері Еуропа Кеңесінің министрлер комитетіндегі ықпалын пайдаланып, Еуропа Кеңесі мен Еуропадағы жалпы гуманитарлық-құқықтық кеңістікті жоюын жалғастыруда. Бұның салдары жойқын болады", – деп жазылған мәлімдемеде.

Еуропа Кеңесінен шыққаннан кейін ресейліктер адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа жүгіне алмайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу