Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы В.И. Матвиенко Қаақстанға келмек

1017

Мәулен Әшімбаев Ресей елшісімен ресми сапарға дайындық барысын талқылады.

Ресей Федерация Кеңесінің төрағасы В.И. Матвиенко Қаақстанға келмек Фото: parlam.kz

ҚР Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұма күні РФ елшісі Алексей Бородавкинмен алдағы саяси байланыстардың кестесін талқылады, деп хабарлады inbusiness.kz Ресейдің Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

"Тараптар алдағы саяси байланыстардың кестесін, оның ішінде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы В.И. Матвиенконың Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың тамыр жаю қарқынына қанағаттанғандықтарын білдіріп, коронавирустық инфекцияның таралуын тежеу бойынша екі елдің кооперациясы мен өзара көмегінің бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жетуін атап өткен. Оған Қарағанды фармацевтикалық кешенінде ресейлік "Спутник V" вакцинасы өндірісінің іске қосылғаны дәлел екені айтылды.

Хабарламада Ресей-Қазақстан одақтастық және интеграциялық байланыстарының, оның ішінде қоғамдық қатынастар, экономика, экология, мәдениет, білім беру және сыртқы саясат салаларындағы негізгі бағыттары бойынша "сағаттарды салыстырып тексеру" жүргізілені жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу