Ресей 2023 жылдың қыркүйек және қазан айларында күшіне енген әлемдік нарықтарға мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуді тәулігіне 300 мың баррельге қосымша ерікті түрде қысқартуды 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғастырады. Бұл туралы РФ премьер-министрінің орынбасары Александр Новак айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Келесі айда мұнай өндіруді тереңдету немесе ұлғайту туралы шешім қабылдау үшін нарық талдауы жүргізіледі. Бұл Ресей 2023 жылдың сәуірінде желтоқсанның соңына дейін созылатын ерікті қысқартуға қосымша болмақ. Қосымша ерікті қысқарту ОПЕК+ елдерінің мұнай нарығындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтау үшін қабылдаған шараларын күшейтуге арналған", – деді Ресей вице-премьері.
Новак қазан айының басында осындай мәлімдеме жасаған.